Көмір қорының 93% жеткізілді

177

0

Биыл облыста жылу беру маусымы уақытылы басталды. Қазіргі таңда 1063 әлеуметтік нысан жылумен қамтылған. Атап айтсақ, білім беру ұйымдары 99 пайызға, денсаулық сақтау нысандары мен басқа да әлеуметтік мекемелер толық 100% жылуға қосылды.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ерлан Жаңабаев мәлімдеді.

«Облыс көлемінде орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған 816 көпқабатты тұрғын үйдің 99% яғни 814-і жылуға қосылды.Бүгінде өңірдегі тіршілікті қамтамасыз етуші кәсіпорындар штаттық режимде жұмыс істеуде. Аймақтағы отын қоры туралы айтатын болсақ, жылдық жоспар бойынша әлеуметтік нысандарға 33,3 мың тонна көмір қажет болса соның 32,1 мың тоннасы жеткізілді. Ал тұрғындарға 93% қажетті көмір қоры әкелінді. Облыстағы көмір қоймаларында 3,2 мың тонна көмір қоры бар. Дегенмен тұрғындар арасында көмірге кезектің көп болу жағдайы жиі орын алуда. Оның себебі қаладағы 5 көмір қоймасы бар болса, қазір соның екеуі ғана жұмыс істеп тұр. Бірақ күнделікті 20-30 вагон көмір жеткізілуде»,- деді басқарма басшысы Ерлан Мақсотұлы.

Баспасөз конференциясында «Қызылорда жылу электр орталығы» кәсіпорнының директоры Наурыз Сатханов жылу беру маусымындағы атқарылып жатқан тиісті шараларды баяндап өтті.

«Қазіргі таңда жылумен қамтамасыз ету мақсатында негізгі қондырғылар штаттық режимде жұмыс істеуде. Негізгі және қосалқы қондырғылар 100% дайын. Жылудағы температуралық режим сыртқы ауаның қысымына сәйкес тұрақты беріліп жатыр. Айта кететін жәйт, көпқабатты тұрғын үйлердің ішіндегі жылу қондырғыларында ақаулар болғандықтан тиісті шаралар жүргізілуде»,- деді Наурыз Асанханұлы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз