Комиссияның кезекті отырысы өтті

258

0

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен Қызылорда қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өткізілді.

Комиссияның күн тәртібінде 4 мәселе қаралып, орта білім алу кепілдігін қалпына келтіру, білім беру ұйымдарында оқушылардың мектеп формасын сақтауы, жасөспірімдер тарапынан жасалған қылмыстарды талқылап, олардың бос уақытын тиімді пайдалану жөнінде профилактикалық шараларды қабылдау мәселелері талқыланды.

Комиссия төрағасы Дархан Есалыұлы кәмелетке толмағандардың профилактикасын күшейту мақсатында сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Комиссия тарапынан кәмелетке толмағандардың мәселесі бойынша балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында тиісті шешімдер қабылданды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<