Корейлердің жер аударылуы

600

0

Архив құжаттарын ақтара отырып, Сыр елі талай ұлтқа пана болғанына көзіміз жетеді. Патшалық Ресейдің кезінде-ақ саяси сенімсіз адамдар біздің территориямызға жер аударылып отырған.

Республикамызға 1937-1938 жылдары бірнеше ұлттың өкілдерін жер аударып, күштеп көшіріп әкеле бастаған. Алғашқы құрбандардың бірі – Қиыр Шығысты мекендеген корейлер болды. Еріксіз көшірілгендердің алғашқы легі 1937 жылы әкелінді. Сол жылы 18500-ге жуық отбасы жер аударылған. Қазақтар жаңа қоныстастарын жылы қабылдап, оларға жер мен мал бөліп берді.

Облысқа келген корейлердің арасында Қиыр Шығыстағы азамат соғысының ардагері, халық батыры Хон Бен До және басқа да мемлекет, өнер қайраткерлері болды.

Жер аударылып  келген  8476  корей 1938 жылы 10 наурызда облыстық атқару комитетінің қаулысымен  аудандарға бөлінген. Аралға 712, Қазалыға 1249, Қармақшыға 1937, Тереңөзекке 584, Сырдарияға 996, Шиеліге 906, Жаңақорғанға 262 адам орналастырылған. Тағы 400 адам Қызылорда қаласында қалдырылған, 1430 адамды басқа облыстарға жіберу сұралған. 

1938 жылы Қызылордада корей балалары үшін  400 орындық жаңа мектеп салынды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<