Коронавирустың екінші толқыны басталған жоқ – денсаулық сақтау министрлігі

545

0

Шет елдерде науқастардың күрт өсуіне байланысты індеттің екінші толқыны басталып кетті деген ақпарат шығып жатыр

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустың екінші толқыны басталмағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаевтың айтуынша, шет елдерде науқастардың күрт өсуіне байланысты індеттің екінші толқыны басталып кетті деген ақпарат бар. Қазақстанда осы ауруға шалдығу көрсеткіші жоғарыласа да, бұл екінші толқынның көрсеткіші емес. 

«Жалпы, бүгінде дүниежүзі бойынша екінші толқын басталды деп хабарлап жатыр. Бізде соңғы екі аптада індетке шалдығу көрсеткіші жоғарылады. Мысалы, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарында науқастардың саны өсіп келеді. Ал қалған өңірлерде эпидемиологиялық жағдай әзірше тұрақты», – деді Байтанаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте. 

Ол әлемде коронавирустың екінші толқыны басталса да, бізде басталды деп айтуға болмайды деп отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<