Lesson Study – сабақты зерттеудің тиімді әдісі

1217

0

Әрбір педагог үшін кәсіби білімін жетілдіру, құзыреттілігін арттыру басты мақсат болып табылады. Себебі, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оның жан-жақты білімімен, ұстаздық шеберлігімен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен өлшенеді.

Мұғалімнің білімін жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекетті зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын Lesson Study әдісі қазіргі кезде оқу үдерісінде табысты қолданылуда.
«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастырумен ORDA SCHOOL-да курстан кейінгі қолдау, сабақтағы іс-әрекетті зерттеуге бағытталған Lesson Study тәсілін меңгерту, оқыту мен оқу үдерісін табысты жоспарлау, мектеп педагогтеріне әдістемелік көмек беру бағытында ашық есік күні өткізілді.

Филиал тренерлері Ұлтай Ешимова, Ұлбала Есмағанбетова, Жанар Жубауовалардың жетекшілігімен мектеп педагогтеріне «Lesson Study – сабақты зерттеудің тиімді әдісі» тақырыбында шебер-сынып өткізілді.

Шебер-сынып барысында педагогтерге Lesson Study тәсілінің:

• балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көру;

• мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көру;

• оқыту нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсіну;

• Lesson Study-дің басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыру;

• Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектесетін тиімділігі туралы ақпараттар берілді.

Бұл тәсілді қолдану білім беру қоғамдастығын құруға ықпал ететін кәсіби дамудың тетігі ретінде оқушылардың бірлескен іс-әрекеттерін реттеуге мүмкіндік береді.

Педагогтеріміздің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, курстан кейін қолдауға бағытталған шаралар алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Ұлбала Есмағанбетова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша

филиалының тренері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<