МӘМС: 15 санат бойынша жарнаны мемлекет төлейді

888

0

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіле отырып, мемлекет азаматтардың 15 жеңілдікті санаты үшін ай сайын жарналар төлейді. Қызылорда облысында олардың қатарына 475 350 тұрғын кіреді.


Азаматтардың жеңілдікті санаттарының тізімімен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://fms.kz/kk/content/azamattardyn-zhenildigi-bar-sanattary.


Егер сіз әлеуметтік қорғалмаған азаматтар қатарында болсаңыз және сіздің мәртебеңіз «сақтандырылмаған» болса, емханада (тіркелген жері бойынша) немесе өз бетіңізше, Qoldau – 24/7 мобильді қосымшасы арқылы уақытша мәртебені (1 айға) алуға болады.

Бұл қосымшаны ұялы телефонға AppStore-дан немесе Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайтында https://fms.kz/kk сілтеме бойынша жүктеп алыңыз және орнатыңыз («Халықтық бақылау» қойындысын таңдаңыз, содан кейін «Call Center»)
Инфографикадағы қандай растайтын құжаттар ұсынылуы керек.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ

облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және

өтініштерді қарау жөніндегі бөлімі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<