Мәжіліс «Бәйтерек» кешенін құру туралы келісімді мақұлдады

205

0

Мәжілісте «2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Бәйтерек» ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Egemen.kz.


ҚР Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрі Бағдат Мусиннің айтуынша, аталған хаттамаға 2020 жылғы 31 қазанда Мәскеу қаласында қол қойылған.

«Хаттаманың негізгі міндеті «Бәйтерек» жобасының негізгі шарттарын түзету және өзектендіру болып табылады. Бұл ретте хаттама ең алдымен Қазақстан тарапының мүдделеріне жауап береді. Тұтастай алғанда хаттама қазақстандық тарап үшін қажет, өйткені бұл бірінші кезекте бірлескен кәсіпорынның Қазақстанның Қаржы министрлігі алдындағы бюджеттік кредит бойынша қаржылық міндеттемелері мәселесін заңды негізде шешуге мүмкіндік береді», деді Бағдат Мусин Мәжілістің плнеарлық отырысында.

Бұдан бөлек, хаттамаға Ресей тарапының 2036 жылға дейін «Союз-5» зымыран-тасығыштарын ұшыру кешенін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелері енгізілген.

«Бұл жобада Ресей тарапы тасымалдағыш зымыранды құруды қамтамасыз етеді, ал Қазақстан тарапы қолданыстағы «Зенит-М» ғарыштық зымыран кешенінің жерүсті кешенін жаңғыртуды қаржыландыруды мемлекеттік тапсырма арқылы орындауды қамтамасыз етеді. Заң жобасы күшіне енгенде мынадай нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді: бірінші, «Бәйтерек» Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны» АҚ бюджеттік кредитті оның жарғылық капиталына айырбастау арқылы кредиттік міндеттемелерден босатылады және «Бәйтерек» мемлекетаралық жобасын іске асыруды жалғастыруға мүмкіндік алады. Айырбастау рәсімінің нәтижесінде Қазақстандық тараптың бірлескен кәсіпорынға қатысу үлесі шамамен 99%-ға дейін артады.

Екінші – хаттама «Бәйтерек» ғарыштық ұшыру кешенінен 10 жыл ішінде Ресей тарапынан кемінде 2 ұшырылым қамтамасыз ететін кепілдігін береді. Бұл құрылған кешеннің болашақта мемлекеттік инвестицияларының қайтуына мүмкіндік береді. Ресей тарапымен осы келісімнің күшіне енуі туралы ішкі мемлекеттік рәсімдері орындалды», деді Б. Мусин.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз