Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы

1254

0

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.

Қазіргі қоғамда мемлекеттік қызметтің қоғам өмірінде үлкен орын алады. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасының деңгейі еліміздің экономикалық және әлеуметтік көрсеткіші болып табылады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде халықтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтауды қамтамасыз ету белгілерінің бірі халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету тиімділігін арттыру және мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

Қызылорда облысы Әділет департаментінің атқарушылық іс жүргізу саласы бойынша жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу және «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжат негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерін атқарушылық іс-әрекеттердің жасалу орны бойынша аумақтық әділет органы көрсетеді.

Сонымен қатар, Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға лицензияны беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті Әділет министрлігі көрсетеді.

«Атқарушылық іс жүргізу мәселелері бойынша мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2020 жылғы 29 мамырдағы №69 бұйрығына сәйкес бекітілген Қағидаларына (бұдан әрі-Қағида) сәйкес жүргізіледі.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу тәртібінде тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық органдарында құрылатын, жеке сот орындаушысы қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттау жөніндегі комиссияларда аттестаттаудан өтеді.

Жеке сот орындаушысы қызметімен айналысуға үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу күні, уақыты мен орны туралы хабарландыруды көрсетілетін қызметті беруші өзінің интернет-ресурсында жариялайды.

Жеке тұлға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге өтінішті және құжаттарды «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталы арқылы аттестаттау өткізілетін күнге дейін бес жұмыс күнінен кешіктірмей жолдайды.

Аттестаттау екі кезеңнен тұрады, 1) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тест тапсыру, 2) үміткердің білімін әңгімелесу түрінде тексеру.

Ал, Жеке сот орындаушысының қызметімен айналысу құқығына  лицензия алу үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

Лицензия алу үшін тиісті құжаттар тізбесінде Электрондық құжат түріндегі өтініш. Қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі. (6 АЕК – 2020 жыл – 16 668 тенге, БСК –105402, ТМК – 911).

Ақпараты бар мәліметтер формасында жоғары оку орнының атауы, дипломның номері мен сериясы, берілген күні, мамандықтар мен біліктіліктер атауы мен коды, шетел білім беру мекемелерімен берілген дипломдар үшін «Білім туралы» Заңына сәйкес нострификациялау және тану рәсімдерінен өткенін растайтын құжаттар мәліметтер, ұйымның атауымен қоса лауазымы, күні, айы, жылы көрсетіледі.

Лицензия алуға Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар. Сонымен бірге, судьялар, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адамдармен қоса прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде бес жыл жұмыс істеген адамдар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік органдарда кемінде екі жыл жұмыс істеген адамдар және тағылымдамадан және аттестаттаудан өткен адамдар құқылы.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған қағиданың 3-ші қосымшасына сәйкес «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізінде атқарушылық іс жүргізуді қозғау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі бойынша

жеке немесе заңды тұлға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтінішпен және құжаттарды көрсетілетін қызметті берушіге, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамына (бұдан әрі-мемлекеттік корпорациясы) және  портал арқылы жолдайды. Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік  қызмет алушы көрсетілген қызмет сапасымен  қанағат тұтпайтыны, шағымдар болатынына байланысты,  олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Заңда көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне шағым беру тәртібіне қатысты Мемлекеттік көрсетілетін қызмет мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі белгіленген.

Шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысы атына, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

                                                                  З.Ержанова,

Қызылорда облысы әділет департаментінің бөлім басшысы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<