Мемлекеттік сатып алу саласында да өзгерістер бар

219

0

ҚР  Президенті Жолдауынан туындайтын міндеттер мен алдағы жоспарлар туралы бүгін  Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Ғалым Едігеев мәлімдеді.

– Мемлекет басшысының Жолдауы еліміздің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын айқындап бергендей болды. Онда пандемиямен күрес жолдарын, оның елімізге алып келген зардабы мен өзгерістерін, еліміздің әлеуметтік дамуына, ел тұрғындарының табысы мен жұмыс орындарының сақталуын, халқымыздың денсаулығы мен өмірін сақтау жолындағы жұмыстарға басты назар аудару керектігін айтты. Әрбір қазақстандықтың көкейінде жүрген мәселені шешу жолына арналған жаңа жолдау, ел дамуы мен халқымыздың өмірінде біршама жаңашылдықтың болатынын көрсетіп бергендей.     Жолдауда қарапайым еңбек адамынан бастап, зейнеткерлердің, мемлекеттік қызметкерлер мен білім-ғылым саласындағы еңбек етіп жүрген ғалымдардың, қала берді мемлекеттік басшылықта отырған депутаттар мен министрлердің, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің әрқайсының міндетін, қызметіндегі өзгерістер мен жаңалықтарды санамалап айтып өтті. Осы ретте, мемлекеттік сатып алу саласы да тәуелсіздігімізбен бірге жаңарып, дамып, жетілдіріліп келеді. Толықтай автоматтандырылып, барлығы дерлік электронды сипатта жүргізілетін сатып алулардың ашықтығы мен жариялылығы қамтамасыз етілген, – деді басқарма басшысы.

 Облыста бұгінгі күнге 76 млрд. теңгенің 2808 конкурсы жарияланып, оның аяқталған 51 млрд. теңге болатын 1363ның қорытындысымен 5 млрд. теңге үнемделді. Мұнымен бірге, Жолдауда «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы өзінің тиімділігін дәлелдегені айтыла келіп, оны жүзеге асыру барысында  3,5  мыңнан астам жоба іске қосылып, өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің жалпы құны 3,5 триллион теңге болғаны нақтыланды. Яғни, 2022 жылға дейін ұзартылған аталған бағдарлама шеңберінде мемлекеттік сатып алу басқармасымен арнайы конкурстар ұйымдастырылып, құрылыс-монтаждау жұмыстарындағы жергілікті қамту үлесі бақылануда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз