«МЕНІҢ ОТБАСЫМНЫҢ ТАРИХЫ»

668

0

Жуырда «Рухани жаңғыру» орталығы мен облыстық білім басқармасының ұйым­дас­ты­руы­мен  оқушылар арасында «Ме­нің отбасымның тарихы» атты фото, видео, эссе байқауы өтті. Оған ай­мағымыздың бар­лық аудандарынан 5-9 сынып оқушылары қатысып, бақ сынады.
Байқау мектепшілік, ау­дандық, облыс­тық  кезең­дер­ден тұрды. Сайыс ба­рысында  қатысушылар от­­ба­­сы туралы фото-көрме жа­сап, арнайы билбордқа шы­­­ға­рылған суреттер қорын және видео түсірілімдерін көр­сетті. Мұнан соң отбасы құндылығы бойынша жазған эсселері­мен таныстырды. Байқау шарты бойынша эссе алдын ала «Ақ­мешіт жастары» газетінде жарияланған.
Байқауға орталықтың бө­лім басшысы Әлима Әбді­халықова жетекшілік етті. Сайыс қорытындысы бойынша облыстық білім басқармасы тағайындаған жүлделі І орынды Қармақшы ауданы №29 мектептің 7-сынып оқушысы Бекқанат Смайылұлы иемденсе, ІІ орын №140 орта мектеп, «Ата­мекен» балалар үйінің оқушысы Нұршат Нышанова мен №176 мектептің 7-сынып оқушысы Мафтуллина Аль­бинаға бұйырды. ІІІ орынды Қазалы ауданы №190 мек­тептің оқушысы Танакөз Көп­жасар, Байқоңыр қаласы №272 мек­теп­тің оқушысы Дильназ Ерұланқызы, Қызылорда қа­ласы №197 мектептің оқу­шы­сы Әніс Шыңғыс алды. Ал, «Ру­хани жаңғыру» орта­лы­ғы­ның арнайы жүлдесі І орынды Қызылорда қаласы №233 мектептің оқушысы Іңкәр Қой­шығұл, ІІ орынды Шиелі ауданы №47 мектеп-лицей оқу­шысы Ерке Әшімхан мен №7 мектеп-лицейдің оқушысы Ақті­лек Ахметәлі еншіледі. ІІІ орынды Жаңақорған ауданы №195 мектептің оқушысы Сымбат Насыр, Қазалы ауданы №17 орта мектеп оқушысы Ай­дана Кеңес, Қызылорда қа­ласы №101 мектеп-лицейдің оқу­шысы Нұр­дана Жеткерген иеленді.  
Жалпы ұлттық тәрбие мен құндылықтарды алға тартқан айтулы шара жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың отбасына деген құрметін арттыруға ықпал етсе, шығармашылық өнерін дамытуға деген қызығу­шылығын арттырды.
М.ОТАРАЛЫ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<