Месси Пеленің рекордын жаңартты

664

0

Испаниялық «Барселона» клубының шабуылшысы Лионель Месси ұлы футболшы Пеленің рекордын жаңартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аргентиналық Л.Месси бұл нәтижеге Испания чемпионатының 15-турында «Вальядолид» пен «Барселона» арасында өткен матчта қол жеткізді.

Ойынның 65-минутында 33 жастағы Месси гол соғып, Пеленің бір клуб үшін соққан доп санынан асып түсті. Осылайша Л.Месси каталониялық «Барселонаның» намысын қорғай жүріп, қарсыластар қақпасына 644 гол енгізді. Ал атақты Пеле бразилиялық «Сантос» клубында 1956-1974 жылдар аралығында доп теуіп, 643 гол соққан болатын. Сырт алаңда «Вальядолидті» 3:0 есебімен ұтқан «Барселона» 24 ұпаймен турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<