Мүлік салығы

266

0

Жеке меншік үйлері, пәтерлері, саяжайлары, гараждары және өзге де құрылыстары бар тұлғалар мүлік салығын төлеушілер болып табылады.

Дегенмен, салық төлеу мерзімінің аяқталуына бірнеше күн қалғанына қарамастан, облыстың  67176 тұрғыны жалпы сомасы 92,0 млн. теңгеге салық төлемеген. Төленбеген салықтың ең ірі сомасы Қызылорда қаласының тұрғынына тиесілі, оның сомасы 84,0 млн. теңгені құрайды.

1 қазанға дейін салық төлемеген тұлғалар заңнама нормаларына сәйкес банк қызметтерін ала алмайды, оның ішінде банк шоттар ашуға, аударымдар жасауға, несие рәсімдеуге шектеу қойылады. Сонымен қатар мерзімі өткен әрбір күн үшін ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 1,25 еселенген мөлшерінде өсімпұл есептеледі.

Бұдан басқа, салық органдары мәжбүрлеп өндіріп алу мақсатында сот орындаушыларға салықтық бұйрықтарды жібереді, олар борышкерлерге қатысты шараларды, оның ішінде мүлік пен банк шоттарына тыйым салуды, сондай-ақ елден тыс жерлерге шығуға шектеу қолданылады.

Бұл ретте, қарыз сомасының 25% құрайтын сот шығындары ұсталатынында ескерген жөн.

Салық төлемеуге байланысты жағымсыз жағдайларды болдырмау үшін 1 қазанға дейін жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеуге шақырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.