Облыс көлемінде есірткіге қарсы акциялар өткізілді

266

0

Фото: Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл басқармасы облыстың оқу орындары арасында есірткіге қарсы акция ұйымдастыру сайысын жариялады.

Сайыстың облыстық деңгейде өткізілген екінші кезеңіне 36 оқу орны қатысты.

Оқу орындары тарапынан ұйымдастырған акцияларда балалардың, жасөспірімдердің және жастардың психоактивті заттардың таралуы мен қолданылуына теріс көзқарасын дамыту, салауатты және қауіпсіз өмір салты дағдыларын қалыптастыру, олардың денсаулығына құндылық қатынасы және есірткіден бас тарту керектігі көрсетіліп, үнпарақтары таратылып, аялдамаларға есірткінің зияндылығы жайлы арнайы плакаттар ілініп, көшелерді, азаматтар көп шұғырланған жерлерде, қоғамдық көлікте, сауда-саттық орталықтарында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, автокөлік жүретін жолдар бойында тұрақты шерулер ұйымдастырылды.

Байқаудың жеңімпаздары болып: Шиелі ауданының №№127, 48 мектеп-лицейлері мен Қармақшы ауданының N30 орта мектебі танылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<