Қорға 40,8 млрд теңге аударды

719

0

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы 1 қарашаға дейінгі аралықта  аймақта әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 40,8 млрд теңге аударылды. Оның 25,8 млрд теңгесі (63,2%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 15 млрд теңге (36,8%)  жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісім-шарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі.  Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ облыс бойынша филиалының директоры Бақыт Исмаханбетов хабарлады.

Жарна төлеу жағынан Қызылорда қаласы, Шиелі мен Жаңақорған аудандары көш бастап тұр.

Жинақталған қаржы сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген Ұлттық банкте сақталады және МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалуда.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<