Облыста магиcтралды каналдар цифрландырылады

425

0

Облыста «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде 2025 жылға қарай 16 магистралды және шаруашылық каналын цифрландыру жоспарлануда. Осыған сәйкес, биыл «Қазсушар» РМК облыстық филиалы  5 жобаға сметалық құжаттама әзірлеп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алды.

– Жобаны іске асыру үшін республикалық бюджеттен қаржыландыру қарастырылуда. Облыс әкімінің қолдауымен былтыр облыстық бюджеттен су шаруашылығына  919 млн теңге бөлініп, нәтижесінде 167,3 шақырым болатын 22 канал тазаланды. Сондай-ақ, елді мекендерге 23 насос қондырғысы алынды.  Бұдан бөлек, өткен жылы су тапшылығына орай Үкімет қолдауымен резервтен бөлінген 3,6 млрд теңгеге жуық қаржыға  ұзындығы 230,1  шақырым 21 канал тазаланып,  133 дана насос алынды, – деді облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Марат Құрманбаев.

Суды тиімді пайдалану үшін Австралияның «Rubicon Global» компаниясымен аймақтың суландыру жүйелерін цифрландыру бағытында алдын-ала зерттеулер жүргізді.

Бүгінде «Шардара» су қоймасынан төменгі ағысқа секундына 800 текше метр су жіберілуде. Оның ішінде 200-і «Көксара» су реттегішіне жіберілсе, оаумағына секундына 600 текше метр су келіп жатыр.

– Қазір «Шардарадағы» су көлемі – 3, 9 млн текше метр. Ал Арал теңізіне жиналған су көлемі 19,06 млрд текше метрге жетіп, су деңгейі көтерілді. Сондай-ақ, ауа райының күрт суытуына байланысты Сырдария өзенінде күр жүріп, иіндерінде мұз ұстасты. Жағдай толық бақылуда, – деді Арал-Сырдария инспекциясының бөлім басшысы Сейітхан Әбуов.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<