Облыстық семинар өтті

1203

0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы мен Жалағаш аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және «2021 – Балалар әдебиеті жылы» аясында Жалағаш аудандық орталық кітапханасында «Отбасылық оқуды дамыту және балалардың кітап оқуға қызығушылығын арттырудың тиімді жолдары» атты облыстық семинар өтті.

Мақсаты – кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, озық тәжірибелерді анықтау, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениетін арттыру. Сондай-ақ отбасылық кітап оқуды дамыту.

Семинарға облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының қызметкерлері, аудандық, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директорлары және аудан кітапханашылары қатысты.

Семинарды Жалағаш аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Дүйсенбиева ашты. Облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасының басшысы Н.Мыңжас құттықтау сөз сөйлеп «Кітапханада жайлы ақпараттық орта қалыптастыру: жаңаша мүмкіндіктер» атты хабарлама жасады. Кітапхана қызметкерлері «Балалар әдебиеті – ұлт болашағы», «Кітапханада мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізудің әдіс-тәсілдері», «Балалар кітапханасы және оқу мәдениетін дамыту», «Балалар арасында оқуды ілгерілету жобалары», «Кітапхана балаларды білімге баулитын ақпараттық орталық» тақырыбында ой бөлісіп, іс-тәжірибелері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Шара соңында кітапхана қызметкерлеріне арналған тренинг ұйымдастырылды. Мұнан кейін қатысушылар Бұқарбай батыр және Аққұм ауылдық кітапханаларының іс-тәжірибесімен танысты. Шара соңында сертификаттар табысталды.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<