«Өмірімізге қауіп төнді»: Әли Оқапов тегін үш рет ауыстырғанын айтты

257

0

Фото: ашық дереккөз

Әнші Әли Оқапов осы уақытқа дейін тегін үш рет өзгерткен. Өнер иесі «Менің өмірім» бағдарламасында неліктен бұлай жасағанын түсіндірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

«Мен ерте есейдім. Әкемнен ерте айырылған соң, көп жерде оның орнын басуға тырыстым. Мәдиге де әкелік қамқорлық танытып, тез есейдім. Әкем өмірден өткені бізге оңай болмады. Қауіпті кезеңдер де болды. Осыған байланысты тегімді үш рет ауыстырып жүрдім. Негізі Оқапов болып туылдым. Сосын Тасқынұлы болдым. Кейін Рымбаев болдым. 16 жасымда, алғашқы төлқұжатты алатын кезде анама «Мен негізі Оқаповпын ғой. Әкеме қатты тартқанмын. Сен қарсы болмасаң, мен тегімді қайта ауыстырсам қалай қарайсың? Қазір бәрі тынышталған сияқты» дедім. Анам қарсы болмады. Мен шешім қабылдап, тегімді қайта өзгерттім. Ал Мәди кішкентай болғандықтан, «Рымбаев болып қала берсін» дедім», – деді Оқапов.

Сонымен қатар әнші бұлай жасауына не себеп болғанын ашып айтпады. «Бұлай жасауыма не себеп болғанын айта алмаймын. Өмірімізге қауіп төнді», – деді Әли Оқапов.

Айта кетейік, былтыр әншінің ұлы дүниеге келді. Әли Оқапов ұлының тегіне байланысты сынға жауап берген болатын.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<