Өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар

1606

0

Фото: ашық дереккөз

Облыста өңдеу өнеркәсібіне бағытталған инвестициялық жобалар пулы аясында құны 696,1 млрд теңгені құрайтын, іске қосылған соң 6,7 мың адамды жұмыспен қамтитын 35 жобаның жүзеге асырылуы жоспарланған.

2022 жылы құны 4,8 млрд теңгені құрайтын, толық қуаттылыққа шыққанда 175 жұмыс орны ашылатын 7 жоба іске қосылды:

1. «Шаған» ФҚ «Күріш ақтау цехы» (Құны – 150 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 630 тонна, жұмыс орны – 25 адам, Сырдария ауданы).

2. «КЗ Сапа Бетон» ЖШС («Нұр орда жолы» ЖШС) «Асфальт-бетон зауыты» (Құны – 87 млн теңге, қуаттылығы – жылына 200 м3, жұмыс орны – 10 адам, Қызылорда қаласы).

3. «ВЕГА-Пром» ЖШС «Құрғақ құрылыс қоспалары цехын кеңейту» (Құны 103 млн теңге, қуаттылығы –23,4 мың тонна, жұмыс орны – 31 адам, Қызылорда қаласы).

4. ЖК «Игіліков» «Балық қалдықтарынан жасалған балық ұнын өндіру» (Құны – 100 млн. теңге, қуаттылығы – жылына 1056 тонна, жұмыс орны – 19 адам, Қазалы ауданы).

5. «Тұрған-тамы» ШҚ «Балық өңдеу цехын салу» (Құны – 600 млн.теңге, қуаттылығы – жылына 324 тонна, жұмыс орны – 40 адам, Қармақшы ауданы).

6. «Пірімжанов» ЖК («АдалКазСтрой» ЖШС) «Ішкі және сыртқы есіктерінің өндірісі» (Құны – 300 млн теңге, жұмыс орны – 20 адам, Қызылорда қаласы).

7. «Құрылыс-көлік компаниясы» ЖШС «Үй құрылыс комбинаты» (Құны – 3,5 млрд.теңге, жұмыс орны – 30 адам, Қызылорда қаласы).

Сонымен қатар, 2010-2022 жылдары аралығында іске қосылған жобалармен а.ж. жылдың 12 айында 61,7 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,6%-ға (12 ай 2021 ж – 49,1 млрд теңге) артқан. 2022 жылдың 12 айында карта жобалары арқылы өндірілген өнім көлемінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 25,5%-ды құрады (12 ай 2021 ж – 25,6%).

Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<