Отбасы бюджетін тиімді жоспарлай аламыз ба?

581

0

Қызылордада «Аймақтағы отбасылық-демографиялық саясатты насихаттау» әлеуметтік жобасы аясында «Шаңырақ» клубы құрылған болатын. Оның мақсаты –қазақ халқы тәрбиесінің қалыптасқан құнды тәжірибесіне сүйене отырып,жастардыңбойында отбасы мүшелерінің бойына рухани-адамгершілік, ата- салт дәстүріндегі тәрбиелік құндылықтарды сіңіру. Осы клуб мүшелерінің ұйымдастыруымен «Отбасылық бюджетті тиімді пайдалану» тақырыбындақаржыгерлік  шеберлік сыныбы өткізілді. Оны белгілі қаржыгер маман, экономика ғылымдарының магистрі Роза Аяшқызы Бисенова жүргізді. 

Үнемшіл адам тиыннан теңге құрайды, ысырапшыл табыс тапқанмен тақырға отырады. Қаржыгерлер тұлғаның табысты болуы тікелей өзіне байланысты екенін айтады, яғни басты мәселе − жоспарда. Осы орайда жас отбасылар үшін бюджетті қалай жоспарлау керек екенін мамандармен бірлесе отырып талқылау шеберлік сыныбының мақсаты болды.

Роза Аяшқызы бюджетің «Бірлескен отбасылық бюджет»; «Бөлек отбасылық бюджет»; «Араласқан отбасылық бюджет» сынды3 категориясына тоқтала келе, әдетте отбасылық бюджетті есептеу барысында келесі айда жұмсалатын шығын мен кіріс назарда болатынын атты. Осы орайда барлық отбасы шығыны, балаларды қамтамасыз ету, отағасының және әйелінің жеке шығынынан бөлек, жуық арада болуы мүмкін тосын жағдайға қаржы қарастырған дұрыс екендігіне тоқталды.

Отбасылық шығын маңызына қарай  негізгі және болмашы деп бөлінеді. Негізгі шығынды азық-түлік, коммуналдық төлем, несие, үйге қажетті жиһаз немесе техника құрайды. Ал екінші топқа киім-кешек, ойын-сауық, демалыс үшін жұмсалатын шығындар енеді. Шеберлік сыныпқа қатысушылар отбасылық шығынды азайту мақсатында «5 конверт» әдісі, «Қауіпсіздік» қорабы» «Жұмсау», «үнемдеу» және «беру»әдістерімен танысып, талқылады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<