Парасаты мен саясаты сай тұлға

418

0

Бүгін «Арман» мәдениет үйінде аудан әкімі Нұржан Ахатовтың қатысуымен Мемлекет және қоғам қайраткері Қонысбек Қазантаевтың 100 жылдығына арналған «ПАРАСАТЫ МЕН САЯСАТЫ САЙ ТҰЛҒА» атты танымдық конференция өтті.

Конференцияға мемлекет және қоғам қайраткері «Парасат» және «Құрмет» орденінің иегері Мұрат Бақтиярұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, Сырдария ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері Қонысбек Төрешұлының перзенті Ғанибек Қазантаев және ауданның зиялы қауым өкілдері қатысты.

Конференцияны аудан әкімі Нұржан Ахатов жүргізіп отырды.

Конференцияда Қонысбек Қазантаевтың өнегелі өмірі, Сыр өңірінің дамуы мен өркендеуі жолында жасаған істері, елімізді қалыптастыру жолында жасаған жұмыстары, адами қасиеттері мен жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыруы, кадр даярлаудағы іскер басшы екендігі жайында керемет естеліктер айтылды.

Жиынға қатысқан азаматтар Қонысбек Қазантаев туралы тың деректер алып, мазмұнды тағылымды шара жоғары деңгейде өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<