Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту – басты назарда

2022

0

Мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесі мен тұрақты кәсіби дамуы – оқушылардың білім жетістігіне оң әсер етуші факторлардың бірі.

8 тамыздан бастап «Өрлеу» Қызылордада «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті пәні» педагогтерінің базалық және пәндік құзыреттілігін дамыту (5-9-сынып)» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған біліктілікті арттыру курсы басталды.

Курс бағдарламасыжаңартылған білім беру бағдарламасының күрделі тақырыптары негізінде қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндері мұғалімдерінің пәндік және әдістемелік құзіреттілігінің сапасын арттыруға арналған.Атап айтқанда, Мәтін лингвистикасы. Стилистика. Мәтін талдау (тыңдалым/оқылым), Көркем шығарманы оқыту және талдау, әдебиет теориясы. Қазақ тілі пәнінде тіл салаларын оқыту: әдеби тіл нормалары. Жазылым дағдысы: әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру. Айтылым: сөйлеу мәдениеті мен шешендік өнер. Оқырмандық сауаттылық: әртүрлі жанрдағы шығармаларды оқыту сияқты күрделі тақырыптар қамтылған.

Курс барысында мұғалімдер үшін Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін оқытудың теориялық, практикалық және әдістемелік негіздері тұрғысынан пән мұғалімдерінің пәндік құзыреттіліктерін жетілдіруге, пән мазмұнын тереңдетуге бағытталған бағдарламаның мазмұнды, пайдалы болатынына сеніміміз мол.

Педагогтердің пәндік құзыреттілігін дамыту – біздің басты назарымызда!

Гүлхаят Махмутова,

«Өрлеу» Қызылорда облысы бойынша кәсіби даму институтының

PR, SMM маманы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<