«Подучетник» республикалық шарасы жалғасуда

311

0

ҚАЖ департаментінің Арал аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған, қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтармен қайта қылмыстың алдын алу, сондай-ақ іздеу жарияланған сотталғандардың тұрғылықты жерін аныктау мақсатында 2018 жылдың қараша айының 12 мен 23 аралығында, Арал аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі мен Арал аудандық пробация қызметі  бірлескен «Подучетник» республикалық профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
 Бұл іс-шараның  басты мақсаты Пробация қызметі есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түрлеріне сотталғандардың жаза өтеп жүріп, пробация қызметі бақылауынан жалтаруының, құқық бұзушылық пен қайта қылмыс жасауының алдын алу  және сотталғандармен тәрбиелік жұмыстар жүргізіп, оларға өз құқықтарымен жауапкершіліктерін түсіндіру мақсатында жүргізіліп отыр.  Іс-шара барысында сотталғандардың тұрғылықты мекен-жайларынан және жұмыс орындарынан 83 рет және ҚР ІІМ «Web-интерфейс», «Ақпараттық сервис» және «ҚАОААЖ», ҚР БП ҚСжАЕК іздеу жүйесі бойынша 109 рет тексеру жұмыстары жүргізілді
Тексеру барысында пробация есебінде тұрған Б.Елеев үйінде болмағандығы үшін және А.Сердегалиев әкімшілік құқық бұзушылыққа жол бергені анықталып, ескерту жарияланды.  
Арал аудандық пробация қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<