Полиция қызметкерлері Сыр елінің тарихымен танысты

333

0

Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің жас қызметкерлері облыстық тарихи өлкетану музейіне танымдық экскурсия жасады.

Экскурсияның мақсаты — жас қызметкерлерге Сыр елінің тарихын таныстырып, Отанға деген патриоттық сезімдерін нығайту және туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Бұл іс-шара Көліктегі полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Б.Малыбаевпен бекітілген «Көліктегі полиция департаменті идеологиялық және имидждік жұмысының 2023 жылға арналған жоспары» аясында ұйымдастырылған. Экскурсовод Эльзира Сағиджанова музейдің экспозициялық залдары бойынша аралатып, таныстырды. Қызметкерлер көнеден керуен тартқан жәдігерлермен еліміздің қолөнер шеберлерінің төлтума туындыларымен және аймаққа белгілі біртуар азаматтардың өмір жолдарымен және еңбектерімен толық таныса алды. Жас қызметкерлер музейден жақсы көңіл-күйде тарасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<