Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістанға барды

413

0

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түркістан қаласына ұшып барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Сапар аясында Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың екінші отырысын өткізеді.

Жиынға Құрылтай мүшелерімен қатар Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Президент Әкімшілігінің басшылық құрамы, Президенттің кеңесшісі және басқа да лауазымды тұлғалар қатысады.

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы былтыр 16 маусымда Ұлытау облысында өткен болатын. Алқалы жиында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы келесі басқосуды киелі Түркістанда өткізуді ұсынған еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<