Профилактикалық сабақтар ұйымдастырды

370

0

Фото: автордан

Бүгінгі таңда есірткі қылмысы мен нашақорлық мәселесі өте өзекті. Қазіргі жастар арасында синтетикалық есірткі көп тараған. Осы дерттің алдын алу үшін құқық қорғау органдарына тапсырмалар жүктелген. Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл тобының қызметкерлері жасөспірімдер арасында нашақорлықтың алдын алу бойынша «Есірткісіз болашақ» атты арнайы профилактикалық іс-шара өткізді.

Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі полиция аға лейтенанты А.Сахыпов Қызылорда қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №10 мектеп-лицейнің жоғары сынып оқушыларына «Есірткісіз болашақ» тақырыбында, яғни есірткінің зияндығы мен қауіп-қатерін, нашақорлыққа шалдығудың салдарын және есірткінің заңсыз айналымымен байланысты, сонымен қатар жастар арасындағы әлеуметтік желі арқылы синтетикалық есірткі заттарын өткізу сату белең алып бара жатқандығын айта отырып, осы жүйедегі құқық бұзушылықтар үшін белгіленген жауапкершілікті түсіндіріп, салауатты өмір салтын ұстану қажеттілігін ескертті.

«Қазіргі уақытта нашақорлық қоғамдық ауқымдағы маңызды мәселе болып тұр. Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын-алудың бір жолы түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға шақырамын», – деді полиция аға лейтенанты А.Сахыпов

Жиын барысында мамандар тәжірибе жүзінде есірткі таратушыларды байқаған жағдайда, әрекет ету тәртібі туралы толыққанды көрсетіп, зиянды әдеттерден аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытында пайдалы істермен айналысуға шақырды.

Кездесу соңында мектеп оқушылары көкейіндегі жүрген сұрақтарын қойып, жауаптар алып, өзара еркін пікір алмасты.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<