Қамшыбек Қоңқабаев – үздік боксшы

985

0

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) жылмажыл өз саласындағы үздіктерді марапаттайды. Сол дәстүрге байланысты әрбір елдің ұлттық федерациясы өз мамандары мен спортшыларын бокстың дамуына қосқан үлесі мен жетістігіне қарай таңдайды.

Қазақстан бокс федерациясы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа үздік боксшы деген атақ берді. Ұлттық құраманың капитаны өскелең ұрпаққа әрдайым үлгі көрсетіп жүр, рингтегі сайыстардан өзге қоғамдық жұмыстарға да белсене қатысады.

Қ.Қоңқабаев 1991 жылдың 18 қарашасында дүниеге келген. Ол – әуесқой бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны.  2017, 2019 жылдары Әлем, сол жылдарда Азия чемпионы атанды. Токио Олимпиадасында қола жүлде иеленді.

Сондай-ақ, ҚБФ пікірі бойынша еліміздегі ең үздік бапкер атағына Қайрат Сатжанов лайықты деп танылды. Әйелдер арасында үздік боксшы атағына команда көшбасшысы Алуа Балқыбекова ие болды.

Жастар арасындағы Әлем және Азия чемпионы Санжар Ташкенбай да AIBA сертификатын иеленді. Осындай марапат оның құрамадағы әріптесі Милана Аюповада бар.  Қазақстандық Ермек Сүйеніш Қазақстанның үздік төрешісі болып танылды. Біздің маман Токиодағы Олимпиада ойындарында жоғары деңгейде төрелік еткені белгілі.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<