Қазақ қызы Түркиядағы турнирде топ жарды

802

0

Түркияда өтіп жатқан күрес түрлерінен рейтингілік турнирде қазақ қызы Жәмила Бақбергенова алтын медаль еншіледі. 72 келіде сынға түскен отандасымыз барлық қарсыластарынан оқ бойы озып шықты.

Жәмила Литва, Түркия, Ресей балуандарын ұтып, шешуші белдесуде германиялық Анна Карменн Шелді 8:2 есебімен жеңді.

Балуан қыз 2021 жылы Ослода өткен әлем чемпионатында күміс жүлде алған еді. 

76 келіде белдескен Гүлмарал Еркебаева турнирдің қола жүлдесін қанағат тұтты. Ол кіші финалда АҚШ балуанын ұтқан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<