Қазақстанда коронавируске шалдығу көрсеткіші 17 пайызға төмендеді

373

0

Қазақстанда коронавируске шалдығу көрсеткіші 17 пайызға төмендеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемде коронавирус инфекциясының 251 млн-нан астам жағдайы, тіркелді. Тәулігіне 400 мыңнан астам жағдай тіркеліп жатыр. 5 млн-нан астам адам өлді. ДДСҰ-ның Еуропа өңірі мәліметіне сәйкес, соңғы екі аптада 54 елдің ішінде 40 мемлекетте ауру өсімі байқалады», – деді министр. Оның дерегінше, соңғы 2 аптада Венгрияда аурушаңдық – 180, Польшада – 150, Австрияда – 120, Германияда 90 пайызға артқан. Ал аурудың төмендеуі 14 елде байқалады. «Қазақстанда соңғы 2 аптада аурушаңдық 17 пайызға төмендеді. Әлемдік рейтингке сәйкес, Қазақстан 222 елдің ішінде аурушаңдық көрсеткіші бойынша 105-орында, өлім-жітім көрсеткіші бойынша 101 орында тұр», – деді Алексей Цой.

https://www.inform.kz/kz/kazakstanda-koronaviruske-shaldygu-korsetkishi-17-payyzga-tomendedi_a3860104

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<