Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев полицейлердің жалақысы 2023 жылға дейін 50%-дан 90%-ға дейін өсетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Министр бүгінде полиция қызметкерлерінің жалақысы құқық қорғау органдары арасында өте төмен екенін жеткізді.
“Президент тапсырмасына сәйкес, 2019 жылдан бастап кезең-кезеңмен жалақы көтеріледі. 2023 жылға дейін 50 пайыздан 90 пайызға дейін өсіру көзделген. Осылайша, сержанттың жалақысы 81 мыңнан 140 мың теңгеге дейін, лейтенант – 103 мыңнан 174 мың теңгеге дейін артады», – деді Тұрғымбаев мәжілістегі ішкі істер органдарын реформалау туралы үкімет сағатында.
Сонымен қатар министр полицейлердің әскерилер сияқты баспана алуға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Тұрғын үй төлемдері банк арқылы қызметкердің жеке баспанасына жұмсалады.
Айтуынша, мұндай жеңілдікпен қызметкерлердің 72%-і қамтылған.
Сондай-ақ қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан және жарақат алған қызметкерлердің отбасысына тұрғын үй төлемі сақталады.
https://stan.kz/kazakstanda-policeylerdin-zhalakisi-90-ga-deyin-osedi-355277/
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<