Қазақстанның 3 қаласында 5G қашан қосылатыны белгілі болды

780

0

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 5G желісі еліміздің ірі үш қаласында қашан қосылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«5G ұялы байланыс стандартын енгізу бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында 11 тестік сынақ жүргізілді. Керекті жиілік диапазондарын босаттық. Ары қарай операторларға тарату механизмі қарастырылады. Сонымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында 5G желілері 2022 жылы іске қосылады. Ал облыстық орталықтарда 2025 жылға дейін жоспарланып отыр», – деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.

Еске сала кетсек бүгінгі Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин жыл соңына дейін ауыл халқының 99%-на кең жолақты интернет қолжетімді болатынын мәлім еткен еді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<