Қазақстанның еңбек нарығында үш жаңа мамандық пайда болады

913

0

Сурет ашық дереккөзден

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ел университеттерінде енгізілетін жаңа мамандықтар жайында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақтөбеде үш бакалавриат бағдарламасы енгізіледі: геоинженерия, компьютерлік ғылым және электроинженерлер де дайындай бастаймыз. Оның бәрі де – жергілікті компаниялар CNPC, «Қазхром», «Ақтөберентген» мекемелерінің сұранысы. Біз жаңа мамандықтарды нарықта танымал кәсіптермен байланыстырмаймыз. Негізінен олар – 100 пайыз инженерлік-техникалық мамандықтар. Біз оларды нақты өңірлік компаниялардың сұранысына сай байланыстырамыз», – деді Саясат Нұрбек Астана халықаралық форумы аясында берген сұхбатында.

Бұған дейін министр елімізде бірқатар шетелдік жетекші университеттерді ашу жоспарын бөліскен болатын.

«Биыл бізге Канада университеті, Британ техникалық университеті, неміс университеттерінің консорциумы, үздік оңтүстіккорейлік университет, мықты өзбек ұлттық зерттеу институты және Ресейден жетекші химия-технологиялық университеттердің бірі кіреді», – деген еді Ғылым және жоғары білім министрі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<