Қазақстанның қай өңірлерінде бензин қымбаттады?

666

0

Қазақстанның бірнеше өңірінде бензин қымбаттады, – деп хабарлайды Еnergyprom.kz сарапшылары.

Сарапшылардың айтуынша, биылғы қаңтар-шілде айларында елімізде мұнай өнімдерінің жалпы өндірісі 10,2 миллион тоннаға жетті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 9 пайызға төмен екен.

«2020 жылдың тамызында бензин өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 2,4 пайызға қымбаттады. Ең жоғары баға Жамбыл (5,7 пайызға) және Алматы (4,3 пайызға) облыстарында, сондай-ақ Алматыда (4,2 пайызға) тіркелді.

АИ-98 маркалы бензин бір жылда 2,6 пайызға, АИ-92 2,5 пайызға, ал АИ-95/96 1,2 пайызға қымбаттады. Дизель отыны, керісінше, аздап арзандады», –  дейді сарапшылар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<