Қоғамдық кеңес отырысы өтті

232

0

Фото: Жалағаш ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Ардақ Ибраимовтың қатысуымен қоғамдық кеңес отырысы өтті. Кеңестің күн тәртібіндегі аудан бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы аудан басшысы кеңінен тарқатып, биылғы жылы атқарылатын ауқымды жобалардан хабардар етті.

Өздеріңізге белгілі, аймақ басшысының қолдауымен және бірлескен жұмыстардың нәтижесінде ауданда ауқымды жобалар жүзеге асырылып, тіректі салаларда серпінді қадамдар жасалды. Өткен жылдың қорытындысымен ауданның экономикалық дамуында оң тенденция қалыптасты.

«Аудан бюджеті 2023 жылы 10,8 млрд. теңгені құрап, 99,9 пайызға атқарылды. Өз кірістеріміз 100,7 пайызды құрап, 1,9 млрд. теңгеге орындалды. Өткен жылы жалпы құны 5,6 млрд. теңгені құрайтын 40 жоба жүзеге асырылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Атап айтқанда, облыстық бюджеттен 2,5 млрд. теңге бөлініп, жол жөндеу бағытында 11 жоба іске асырылды.Оның 982,9 млн. теңгесіне Есет батыр-Жаңадария бағыты мен Жаңаталап-Аққыр бағыттарындағы және Ақсу ауылына кіреберіс аудандық маңыздағы автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, өткен жылы Аққұм, Мәдениет елді мекендерінің ауыз су жүйесін кеңейту және «Ақтерек» учаскесінің су ұңғымалары және су жинау-тарату кешенінің құрылысы мен сумен жабдықтау жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді.

Қазіргі таңда аудан тұрғындары 100% орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілген.Тұрғындарды газбен қамту әлі де өзекті мақсаттардың бірі болып отырғанын ескерсек, бұл бағытта ауданда бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.Қазіргі таңда Жалағаш кентіндегі 2861 тұрғын үй және 20 әлеуметтік, 127 кәсіпкерлік нысан орталықтандырылған газ желісіне қосылған. Бұл аудан халқының 45,2 пайызын құрайды.Биылғы жылы Ақсу, М.Шәменов елді мекендерін газдандыру жұмыстары жалғасады» деген аудан әкімі Ардақ Әбдіғаппарұлы биылғы жылы іске асатын ең ірі жобаларды атап өтті.

Оның бірі, Президентіміздің бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы. Облыс көлемінде 21 «Жайлы мектеп» салынатын болса, оның 1-еуі біздің ауданнан бой көтереді.

Қазіргі таңда 300 орындық «Жайлы мектептің» жер телімі белгіленді. Осы жылы мектеп құрылысы басталып, келер жылы ақталады деп күтілуде. Қазіргі таңда 300 орындық «Жайлы мектепке» жер телімі белгіленді.

Сондай-ақ, биыл аймақ басшысының қолдауымен музей, кітапхана, мұрағат, неке қию залы, ардагерлер және аналар кеңесі, жастар орталықтары, азаматтық қоғам өкілдері мен тарихи-мәдени, рухани ұйымдарын біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият орталығы» ғимаратының құрылысы басталатын болады.

Қоғамдық кеңес отырысын қорытындылаған аудан әкімі Ардақ Ибраимов ендігі міндет – осы жетістіктерді еселеп, басталған жобаларды одан әрі жалғастыру және барлық көрсеткіштерді төмендетпей, халықтың әлеуетін көтеру екенін жеткізді.

Жиында қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан ұсыныс-пікірлер айтылып, аудан әкімінің назарына ұсынылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<