Қоршаған ортаны қорғау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде

749

0

Былтыр қоршаған ортаны қорғау шеңберінде 64 субьектіге бақылау жүргізілді. Нәтижесінде, экологиялық заңнама талаптарын бұзудың 137 фактісі анықталып, тиісті құқықтық шаралар қарастырылды. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысы бойынша экология департаменті басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Ертай Жайназаров мәлімдеді.

-Экологиялық талаптарды өрескел бұза отырып, шаруашылық қызметін жүзеге асырған 10 нысанның жұмысы уақытша тоқтатылды. Сондай-ақ, өткен жылы аймақта кең таралған пайдалы қазбаларды өз бетінше заңсыз өндірудің 11 дерегі анықталды. Осы бойынша құқықтық шаралар жүргізілді. Байқоңыр қаласы аумағында 1,9 млн тонна құрылыс және басқа да қалдықтардың жатқандығы белгілі болды. Осыған байланысты, 2021-2023 жылдарға арналған құрылыс қалдықтарын жинау жөніндегі Жол картасы жүзеге асырылмақ. Қазіргі таңда белгіленген аумақтарда тазарту жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, ірі табиғат пайдаланушыларының және экологиялық қауіптілігі жоғары нысандар, мемлекеттік экологиялық сараптаманың теріс қорытындысын алған 14 жоба сарапшылық кеңесімен қайта қаралды, – деді Ертай Жайназаров.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<