«ҚТЖ» жоғарғы орындар бағасына жеңілдік енгізбейтін болды

469

0

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ пойыз билеттеріне сараланған тариф енгізу жобасынан бас тартты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ 5 коммерциялық пойызға жоғарғы және төменгі орындар үшін жол жүру құнына сараланған тәсіл қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асырмайтын болды», – делінген «Қазақстан темір жолы» компаниясының сайтында.

Еске салайық, ҚТЖ келесі жолаушылар пойыздарында биылғы 1 желтоқсаннан бастап жоғарғы және төменгі орындар әртүрлі бағамен сатылатыны туралы мәлімдеген болатын:

1. № 111/112 «Алматы – Маңғыстау»;

2. № 51/52 «Алматы – Орал»;

3. № 105/106 «Алматы-Петропавл»;

4. № 71/72 «Астана-Шымкент»;

5. № 29/30 «Алматы-Атырау».

Пилоттық жоба 2023 жылғы 28 ақпанға дейін сынақтан өткізілуі тиіс болған. Жоғарғы және төменгі орындар арасындағы жол ақысының айырмашылығы 20% құрайтыны жоспарланды.

«Жоба вагондағы орындарды біркелкі бөлу, сондай-ақ жолаушылардың төменгі орындарға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылады», – деген еді ҚТЖ-дан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<