Құрметпен зейнетке шығарып салды

210

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен өткен актив отырысында Әлімбай Білжановты зейнет жасына шығарып салды.

«Әлімбай Махмұтұлы еңбек жолын 1983 жылы «Госкомсельхозтехника» бірлестігінде жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары ауыл шаруашылығы, көлік тасымалы салаларында түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. Мемлекеттік қызметте де сатылап өскен білікті кадр. Әлімбай Махмұтұлы соңғы 17 жылға жуық уақытын мемлекеттік қызметке арнаған. 2007 жылдан бері Иіркөл, Қармақшы және Жосалы ауылдарының әкімі қызметтерінде болып, ұйымдастырушылық және жауапкершілік қасиеттерін көрсетті. Ауыл халқының тұрмыс деңгейін арттыру, ауылды инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарын нәтижелі жүргізді», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Аудан басшысы осы салада атқарған еңбегі үшін Әлімбай Махмұтұлын ауданның ең жоғары марапаты «Құрмет грамотасымен» марапаттады.

Сондай-ақ, сайлау қорытындысы негізінде сайланған Иіркөл ауылдық округінің әкімі Жағыппар Төлегенов, Қармақшы ауылдық округінің әкімі Аязбек Есқараев, Жосалы ауылдық округінің әкімі Владимир Жалғасбай таныстырылды.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<