Құтқарушылар жылу-түтін камерасын қолдануды үйренді

508

0

         Бүгін «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің  Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қызылорда қаласындағы №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында орналасқан жылу-түтін камерасында жаттықты.  Жаттығу барысында олар практикалық түрде газ-түтіннен қорғау құралдарымен жұмыс жасады. Түтін басқан ортада іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу жаттығуын жасады.  Жаттығуға бас құтқарушылар  –  Маханбетов Нұрлан мен Сахиев Әбіш басшылық жасады. Жалпы жылу-түтін камерасында 30 құтқарушы машықтанды.

Қызылорда облысы ТЖД

Қоғаммен байланыс тобы

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<