Қылқан жапырақты ағаш тұқымдарын қорғау күшейтіледі

1704

0

«Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ-сі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «2020 жылдың жаңа жыл алдындағы кезеңінде қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының жас талдарын қорғауды күшейту туралы» 2020 жылғы 30 қарашадағы № 27-5-6/220 бұйрығына сәйкес биыл 1-30 желтоқсан аралығында бөлшек саудада жаңа жылдық шыршалар сатылуына (құрама шыршалар менконтейнерлердегі тірі шыршалардан басқа) шектеу қойылуына бақылау жасау мақсатымен құзырлы органдарымен бірлескен іс-шаралар өтетінін хабарлайды.

Бұйрықта мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізу үшін жаңа жылдық шыршаларды босату Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің рұқсатымен облыс әкімдігінің тапсырыстары арқылы ғана жүргізіледі. Сондай-ақ, тұрғындар үшін тек қана құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалар сатылатын болып белгіленген.

Айта кету керек, мемлекеттік орман қоры алқаптарында қылқан жапырақты ағаш тұқымдыларының (шырша) түрлері өспегенімен облыс аумағында оларды заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, сақтау деректерінің орын алуы әбден мүмкін.

Жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз иемдену, өткізу, алып өту, әкелу, әкету, сақтау әрекетін жасаған тұлғаларға ҚР қолданыстағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 389-бабына сәйкес жабайы жануарлар мен өсімдіктердің түрлері және олардың өнімдері тәркілене отырып айыппұл түріндегі жаза қолданылады.

Осы орайда, ешқандай рұқсат құжатсыз қылқан жапырақты ағаш тұқымдылардың (құрама шыршалар мен контейнерлердегі тірі шыршалардан басқа) заңсыз сатылу деректері туралы өздеріңізге белгілі болған мән-жайларды 8-(7242)-23-19-66 немесе 102 телефон номерлеріне хабарлау керек.

Р. БУРАБАЕВ,

 «Қызылорда облыстық орман

шаруашылығы және жануарлар дүниесі

аумақтық инспекциясы» РММ-нің

Орман және ЕҚТА бөлімінің басшысы                                          

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<