Қыс қауіпіне қарсы тұрмақ

606

0

Қызылорда облысында «Қыс-2021» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығуы өтуде. Мақсаты – қысқы мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік  басқару органдары мен күштерін дайындау.

Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесі жедел кезекшілік ұйымдастырылуы, құлақтандыру мен байланыс әзірлігі, материалдық-техникалық қор, азық-түлік және медициналық резервтердің құрылуын тексеріп, қысқы кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының әзірлігін тексерді.

Жалағаш ауданында өткен «Қыс-2021» оқу-жаттығудың практикалық  кезеңінде «АгроХолдингҚызылорда» ЖШС ауласында азаматтық қорғау қызметтерінің саптық қарауы өтті. Одан соң орын алған өртті сөндіру, авариялық-құтқару және іздестіру жұмыстарын жүргізу, тұрғындарды төтенше жағдай аймағынан қауіпсіз орындарға көшіру,  медициналық көмек көрсету және ТЖ зардаптарын жою барысы  пысықталды. Осы кезеңге 8 құрылым, 65 адам, 16 техника, 1 кинологиялық есеп қатыстырылды.

Оқу-жаттығудың 2 кезеңі «Жалағаш-Қармақшы» жергілікті маңызы бар автожолында соқтығысқан автокөліктерге байланысты авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналды. Оқу-жаттығу барысында адамдарды эвакуациялау, құтқару және іздестіру, медициналық көмек көрсету барысы жасалды. Оған 5 құрылым, 43 қызметкер, 14 техника, 1 кинологиялық есеп қатыстырылды.

Ал 3 кезеңінде «Жалағаш-Қармақшы» жергілікті маңызы бар автожолында қар құрсауында қалған адамдарды эвакуациялау құтқару және іздестіру, медициналық көмек көрсету жұмыстары жасалды.

Гүлбану МАҚАЖАН

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<