Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру туралы хабарлама

494

0

«Қазақстан Республикасындағы Сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңының 10 және 15 баптарына сәйкес Қызылорда облыстық мәслихат депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын қалыптастыру бойынша хабарлама жариялайды.

Округтік сайлау комиссиялары келесі сайлау округтерде қалыптастырылады.

1. Арал ауданында №1 сайлау округі;

2. Қазалы ауданында №2, №3 сайлау округтері;

3. Байқоңыр қаласында №4 сайлау округі;

4. Қармақшы ауданында №5 сайлау округі;

5. Шиелі ауданында №8 сайлау округі;

6. Жаңақорған ауданында №9, №10 сайлау округі;

7. Қызылорда қаласында №11, №12, №13, №14, №15, №16 сайлау округтері.

Округтік сайлау комиссияларының саны 14 және әр комиссия 5 адамнан қалыптастырылады. 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2023 жылдың 1 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың округтік сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

5) Соттылығының болмауы туралы анықтама;

6) Психикалық, наркологиялық және туберкулез диспансерінде тіркеуде тұрмағандығы туралы  анықтама.  

Округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері облыстық мәслихаттың www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kzo интернет-ресурсында орналастырылған.         

Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңында  белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс. 

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Округтік сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 1 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында дүйсенбі-жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда қаласы,  Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1 үй.

Жауапты адам: Махамбетов Ерлан Әнуарбекұлы, каб. №231, қалааралық телефон коды (87242), қызметтік 60-54-01, ұялы телефоны: 87775700505, факс нөмірі: 60-54-01, электрондық пошта мекенжайы: kyz_oblmaslikhat@mail.kz.

Қызылорда облыстық мәслихаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<