Қызылорда облыстық мәслихатының облыстық сайлау комиссиясының құрамына толықтырулар енгізу туралы хабары

396

0

Қызылорда облыстық мәслихаты облыстық сайлау комиссиясының құрамынан шығып қалған мүшелерінің орнына (2 мүше) сайлау өтетіндігін хабарлайды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының талаптарына сәйкес әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы. Облыстық сайлау комиссиясының құрамында «Қазақстан халық партиясы», «Aqjol», «Ауыл» саяси партияларынан болғандықтан, олардан басқа саяси партиялардан немесе өзге де қоғамдық бірлестіктерден және жоғары тұрған сайлау комиссиясынан ұсыныстар қабылданады. Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және қалыптастырылушы комиссияға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиясы 2023 жылғы 1 қаңтары мен 15  қаңтарға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды тапсырады:

1) белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы электрондық және қағаз форматтағы мәліметтер;

2) сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) шешiмi, жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы  құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы белгіленген нысан бойынша өтініштері;

5) Соттылығының болмауы туралы анықтама;

6) Психикалық, наркологиялық және туберкулез диспансерінде тіркеуде тұрмағандығы туралы  анықтама. 

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын кандидатуралар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық Заңында және 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілетін «Қазақстан Республикасының кейбір конституциялық заңдарына Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңының 1-бабы 1-тармағы 8) тармақшасында белгіленген Орталық сайлау комиссиясы бекіткен біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің нысандары, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы кандидаттардың өтініштері және  кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптар облыстық мәслихаттың www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-kzo интернет-ресурсында орналастырылған.      

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының тегі, аты-жөні және оның телефон нөмірі көрсетілген орындаушы туралы белгіні қамтуы тиіс.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2023 жылғы 1 қаңтары мен 15 қаңтары аралығында дүйсенбі-жұма күндері 09:00-19:00 сағат аралығында жүргізіледі, үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін. Белгіленген мерзімнен кейін түскен құжаттар қаралмайды.

Мәслихаттың орналасқан жері: Қызылорда қаласы,  Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1 үй.

Жауапты адам: Махамбетов Ерлан Әнуарбекұлы, каб. №231, қалааралық телефон коды (87242), қызметтік 60-54-01, ұялы телефоны: 87775700505, факс нөмірі: 60-54-01, электрондық пошта мекенжайы: kyz_oblmaslikhat@mail.kz.

Қызылорда облыстық мәслихаты

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<