Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

322

0

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 27-бабына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын:

1) «Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау туралы» Қызыл­орда облысы әкімдігінің 2004 жылғы 5 тамыздағы № 104 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3945 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» газетінде 2004 жылғы 7 қыркүйекте және «Кызылординские вести» газетінде 2004 жылғы 27 тамызда жарияланған);

2) «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөл­шерін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі № 96 қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 7631 нөмірімен тіркелген, 2020 жылғы 9 қыркүйекте Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған).

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

                  әкімі Г.Әбдіқалықова

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз