Қызылорда қаласының тұрғындарының назарына!

430

0

Құрметті қызылордалықтар!

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Әскери-техникалық мектебі» Алматы филиалы базасында өтеусіз негізде мерзімді әскери қызмет өткермеген азаматтарды оқуға шақырамыз. 11 сынып бітірген азаматтарды «ВС1С» санаттағы әскери жүргізушілерді даярлау бойынша оқуға шақырамыз. Әрбір азамат оқу кезеңінде далалық киім-кешекпен, үш рет тамақтандырумен қамтамасыз етіледі. Бітіргеннен кейін мерзімді әскери қызметке міндетті түрде жөнелтіледі. Сонымен қатар, әскери борышын өтеп болғаннан кейін мамандығымен келісімшарт бойынша әскери қызметке орналасуға мүмкіншілігі, әсіресе Қызылорда қаласы маңындағы әскери бөлімдерге орналасуға болатынын жеткіземіз. Денсаулық жағдайы бойынша жарамды, бойы 170 см төмен емес; Жасы он сегіз жасқа толған және жиырма екі жасқа дейінгі аралығы бойынша әскерге шақырылушылар; Қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған; Оқу мерзімі: үш ай Ниет білдірген азаматтар төмендегі мекенжай бойынша, Қызылорда қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына Қазантаев көшесі, 19 үй № 118 кабинет, 26-42-50, 8-705-680-34-58 телефоны арқылы хабарласуларыңызға болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<