Қызылордада дизель отыны шектеумен берілуде

258

0

«Атырау мұнай өңдеу зауыты жоспардан тыс тоқтап қалды. Және көрші елдерде дизель отынның бағасы күрт өсті. Осыған байланысты қыркүйек айынан бастап ел бойынша дизель бағасының өсімі және тапшылық жағдайы орын алуда,» дейді Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конфернциясында облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Мұрат Тасқараев.

Көршілес Ресеймен дизель отынының литріне айырмашылық 100 теңгеге, Өзбекстанмен 70-80 теңгеге және Қырғызстанмен 61 теңгеге дейін жетеді. Барлық транзиттік автокөліктер Қазақстаннан кіріп-шығу жолында жанар-жағар май құюда, осылайша шекара маңындағы облыстарда тұтыну көрсеткіші күрт өскен.Ағымдағы жылдың мамыр-қыркүйек айларында дизель отынына сұраныс өткен жылмен салыстырғанда 480,0 мың тоннаға артқан. Тамыз айында 519,0 мың тонна дизель отыны тұтынылды. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 1 қазанынан Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ) жоспарлы жөндеуге тоқтатылды. Осы орайда, елімізге дизель отынының жеткіліксіз көлемі Ресейден импортталуда. Мұрат Ибрагимұлының айтуынша, ҚР Энергетика министрінің бұйрықтарымен АИ-92 маркалы бензині мен дизель отының бағаларына мемлекеттік реттеу алынып тасталып, бүгінгі күні олардың бағалары нарықпен реттеледі.

Айта кету керек, бүгінде облыста 145 жанар-жағар май бекеттері жұмыс жасайды. Ағымдағы жылдың қыркүйек айының басында дизель отынының орташа бағасы 196,0 теңгені құраса, ағымдағы жылғы 13 қазандағы мониторинг мәліметтері бойынша дизель отынының орташа бағасы 210,9 теңгеге (ең жоғары бағасы 235,0 тг.) жеткен.

Сондай-ақ, жыл сайын егін науқаны кезінде дизель отынына сұраныс жоғарылайды, яғни тамыз-қыркүйек айларына дейін күніне қажеттілік 170,0 – 180,0 тонна болған, қазір 245,0 тоннаға дейін көтерілді. Бүгінгі таңда ірі автожанармай құю станцияларының желілерінде(«Компас», «Гелиос», «Қазақ Ойл») дизель отыны лимитпен бір машинаға 50-100 литрден босатылуда, «TS», «СиноОйл» АЗС-терінде талонмен, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» трассасының бойында бір машинаға 100-200 литр лимитпен берілуде.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз