Қызылордада сотталғандар екпе салдырды

419

0

Қызылорда облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты 169/5 түзеу мекемесіндегі сотталғандар «Спутник V» вакцинасын қабылдады.

«Екпе салдыруға қуана келістім. Өйткені осылай өзіңді де, өзгелерді де қорғайсың. Ешқандай жанама әсер байқалған жоқ. Ережеге сәйкес екінші вакцинаны 21 күннен кейін салдыртамын», – деді сотталғандардың бірі.

«Бұған дейін жазасын өтеушілерге дәрігер мамандар вакцинаның маңыздылығы мен егу әдістері, одан кейінгі күтім мен сақтық шаралары туралы түсіндірді. Соның нәтижесінде 60-қа жуық адам өз өтінішімен вакцина пайдаланды», – деді департамент бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Ж.Әбдіқайыров.  

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<