Қызылордада жасөспірім қыз жоғалды

769

0

15.08.2021 жылы кешкілік уақыт 17.30 шамасында 13 жастағы Жаладин Салиха Бағдатқызы белгісіз бағытқа қарай кетіп қайта оралмаған. Қазіргі таңда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының жеке құрамы кәмелетке толмаған жасөспірімді іздеп табу мақсатында облыс орталығындағы көпқабатты үйлердің шатырларын, саяжайларды, тастанды үйлер мен құрылысы бітпеген ғимараттарды, ойын-сауық орталықтары мен жалдамалы пәтерлерді тексеруде.

Оның фотосуреті көрсетіліп, сұрастыру жұмыстары жүргізілуде.Бұл жұмыстар Полиция департаменті бастығының бақылауында. Ерекше белгілері: бойы 1,55-160 см, шашы ұзын қара.арық денелі, ақ құба келген. Киген киімдері: көк түсті джинсы көйлек,ақ т.сті красовка. Жасөспірім қыз жөнінде қандай да бір ақпарат анықталған жағдайда Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Кезекші бөлімі 29-75-20 телефонына немесе 102 арнасына шұғыл түрде хабарласуларыңызды сұраймыз.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<