Рейд жұмыстары жалғасады

190

0

Фото: Қазалы ауданының әкімдігі

Аймақ басшысы Н.Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес жастар арасындағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу шаралары жалғасын таба бермек. Соған сәйкес кезектілікке сәйкес аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтов бастаған топ жасөспірімдерді тәртіпке шақырды.

Әйтеке би кентіндегі жастардың көптеп бас қосатын орындарын аралаған құрам спорт алаңдары, ойын-сауық орталықтары мен тамақтанатын орындарға барып, кәмелет жасқа толмаған өскіндердің беймезгіл уақыттан кейін жүруіне болмайтындығын ескертті.

Еркін Нұржаубайұлы бастаған топ құрамында аудандық білім бөлімі, мектеп директорлары, полиция бөлімінің қызметкерлері болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<