Сайлаушылар белсенділігі жоғары

526

0

Қызылорда қаласындағы №278 мектепте №349 және 354 сайлау учаскелері орналасқан. Сайлау учаскелерінде халықтың дауыс беру қарқыны жоғары екенін аңғардық. Біз барған сәтте аталған аумақта таңдау жасауға мүмкіндігі бар азаматтар өз дауыстарын беріп жатты.
Солардың бірі – еңбек ардагері Бибіиария Әлиханова.
Ол кісі алғашқылардың қатарында сайлауға келіп, өз таңдауын жасады.

  • Мен әрдайым мұндай маңызды шараға белсене қатысамын. Биыл да сол дағдымнан жаңылған жоқпын. Сайлауға ертерек келіп, өз таңдауымды жасадым. Мен еліміздің ертеңіне сенемін. Жастардың болашағы жарқын болсын деп тілеймін. Жерлестерімді сайлауға белсене қатысуға шақырамын, – деді ол.
    Білім ошағында орналасқан №349 сайлау учаскесінде 2764, №354 сайлау учаскесінде 2754 cайлаушы ретінде тіркелген. Олардың басым көпшілігі өз таңдауын жасады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<