Сала мамандары марапат төрінде

263

0

10 қараша – Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлерінің күніне орай салтанатты шара өтті. Алқалы жиынға Қызылорда облысы әкімі аппаратының басшысы Шахмардан Байманов қатысып, сала мамандарының еселі еңбегіне оң баға беріп, мерейлі мерекесімен құттықтады.

ІТ мамандар – халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға және жеңілдетуге үлес қосатын ерекше мамандық иелері. Шын мәнінде, цифрландыру саласы әлем экономикасының басты драйверіне айналды. Мемлекет басшысы таяуда өткен Digital Bridge халықаралық форумында «Жасанды интеллект қалаларымызды өмір сүруге және жұмыс істеуге қолайлы әрі толыққанды ақылды қалаға айналдыру процесін айтарлықтай дәрежеде оңтайландыра алады» деп атап өткен болатын.
Президент тапсырмасын сапалы әрі уақытылы орындауда жасанды интеллект бағытында елеулі қадамдар жасауды Қызылорда өңірі алғашқылардың бірі болып бастауда. Осы ретте сала мамандарын айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын!,- деді Шахмардан Асқарұлы.

Мерекелік шарада цифрландыру саласының бірқатар мамандары марапатталды. Іс-шара соңында мереке иелерінің құрметіне өнерпаздар әннен шашу шашты.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<