Шекара қалай шегенделді?

960

0

1993 жылы 26 ақпанда республика аймағының тұтастығын, біркелкілігін, өзгешелігін дәлелдейтін «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы» Заңы өз күшіне енді. Қазақстан – әлемде жер аумағы жағынан 9-орынды иеленетін ірі мемлекет. Еліміздегі шекара ұзындығы шамамен 14 мың шақырым.
Қазақстанның айнала­сын­дағы елдермен мемлекеттік шекараларын заңды түрде, біржолата бекітіп алғаны – Тәуелсіздік жылдарындағы ерекше жетістік.

Шекараны іргедегі көршілер түгел мо­йындамаса, ашық-шашық жат­са, Тәуелсіздіктің бере­кесі болмас еді.
Әуелі Қытай Халық Рес­публикасымен, сосын Қыр­ғыз­стан, Түркіменстан, Өз­­­бек­стан, Ресеймен уағ­да­­­лас­­тық­қа қол жетті. Не­бәрі он жыл­дың ішінде Қа­зақстан-Қытай ше­карасы­ның 1783 ша­қырымы демар­ка­ция­ланды. «Екі ел арасын­дағы мем­ле­кеттік шекараны белгілеу ке­зінде Қазақстан тарабы Ша­ған-оба және Баймырза асулары маңындағы аумақ­қа, Сарышілде өзенінің ма­ңайына қатысты ұсыныстар бі­раз талқылаудан кейін қа­был алынды. Ол жерде ше­кара белесі болғандықтан, ел­ді ме­кендер жоқтығы, қаз­ба бай­лықтарының та­был­ма­ғандығы, шаруашы­лық қыз­метінің жүйелі жүр­гі­­зіл­мейтіндігі анықталған. Учас­келерді бөлу нәтижесінде шабын­дық, жайылымдық жерлердің бәрі, орманды жерлердің бір бөлігі бізде қалды, – деген Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Өмір өткелдері» кітабында.
Басқа да көрші мемле­кет­термен шекара бекіту ту­ралы айтсақ, Қазақстан-Қырғызстан мемле­кеттік ше­карасын делимита­циялау жө­ніндегі келіссөз ВЦИК 1930 жылы қабыл­даған «Қазақ және Қырғыз АССР-лерінің шекаралары туралы» қаулы бойынша жүргізілді.

Екі жақ та бір-біріне ешқандай тер­риториялық талап қойған жоқ. Хан Тәңірі шыңы ма­ңа­йындағы, Шу өзені бо­йын­дағы, «Бішкек-Шол­пан­ата» тас­жолындағы ау­ыс-тү­йістер дау-дамайсыз ше­шіл­ді.
Ал Қазақстан мен Тү­ркі­менстанның шека­расы шар­уашылық тұрғыдан игеріл­ме­ген, Үстірт ойпа­тындағы ел қоныстанбаған шөлейт да­ламен өтетіндіктен, көп қиындықсыз бекітілді.


Қазақ-өзбек шекарасына келсек, Қазығұрт баурайын­дағы Бағыс пен Туркестанец елді мекендерінің тұрғын­дары түгелдей Қазақстан ау­мағында қалғылары келе­тін­дерін айтқан. Өзбек жа­ғы Бағыс елді мекеніне еш­қандай дау айтпағанымен, Туркестанец поселкесінің КСРО тарағаннан кейін Өз­бекстан Республикасы Қор­ғаныс министрлігінің қара­уына берілгенін еске сал­ды. Ақыр аяғында Бағыс Қа­зақ­стан жағына қарады да, Туркестанецте тұрып, Өз­бекстан аумағында қалғысы келмеген қандастарымыз кө­шіріліп алынды.

Бағыс ма­ңындағы 517 гектарлық тау биігіндегі жайылымдық жер­лер Қызылорда облысындағы Нысан-1, Нысан-2 және Бай­мұрат аталатын жартылай шөлейт аймақтағы елді ме­кендер аумағына ауыс­ты­рылды. Мұндай мәселе­лер Арнасай су бөгеті маңа­йында да жөнімен қа­растырылды. 2002 жылғы 9 қыр­күйекте Қазақстан Респуб­ликасы мен Өзбекстан Республикасы ара­сындағы мемлекеттік шека­раның жекелеген учаскелері туралы шартқа қол қойылып, ұзындығы 2351 шақырымдық шекараны делимитациялау мәселесі біржолата шешілді.


Теріскейдегі көрші Ресей­мен мемлекеттік шекара ту­­ралы келіссөздер 1999 жыл­дың қыркүйек айында басталған. Бұл – яғни, Қа­зақ­стан-Ресей шекарасы әлем­дегі ең ұзын – 7591 шақы­рымды құрайтын құрлықтық шекара. Екі елдің шекарадағы қарым-қатынасты реттеуі өза­ра сенімге құрылған қа­рым-қатынасты арттыра түсті.
Жиырмасыншы ғасыр ба­сында Мағжан ақын «Алыстан орыс, қытай ауыр салмақ, Жа­қыннан тыншытпайды қа­­лың қалмақ.

Арты – ор, ал­­дында – көр, жан-жағы жау, Дағдарған Алаш енді қай­да бармақ?!» деп уайым­ға салынғанын білеміз. Ба­ба­ларымыздан қалған байтақ даланың шекарасы Тәуел­сіздіктің арқасында заңды түрде шегенделді. Сол үшін де ордалы 30 жылдың ең айтулы жетістігі деп атауға негіз бар.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<